Иран Сот билігінің төрағасы Батыстың адам құқықтарына қатысты екіжақты тәсілін сынады
(last modified Tue, 28 Mar 2017 09:44:28 GMT )
Нау 28, 2017 15:44 Asia/Almaty
  • Иран Сот билігінің төрағасы Батыстың адам құқықтарына қатысты екіжақты тәсілін сынады

ИИР Сот билігінің төрағасы: "ИИР лаңкестік топтар мен революцияға қарсы адамдардың мәлімдемелерін адам құқықтары туралы ресми мәлімдеме ретінде қабылдамайды",- деді.

Аятолла Садық Амоли Лариджани БҰҰ-ның Ирандағы адам құқықтары жөніндегі өкілі Асеме Джаһангирдің өкілеттік мерзімінің ұзартылуына сілтеме жасап: "Өкінішке орай, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі ұйымдары тәуелсіз елдерге қысым көрсететін құралға айналған.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі ұйымдары зұлым қанаушының алдында мазлұмға қолдау көрсетудің орнына, сионистік режимнің қылмыстарына немесе Сауд Арабиясының Йемен мен аймақтағы басқа да қылмыстық әрекеттеріне қатысты үнсіздік танытып, реакция білдірмейді",- деп баса айтты.