Каспий теңізі Иран мен көршілес елдер арасындағы қарым-қатынасты кеңейтуде маңызды рөл атқарады
https://itolqyn.com/news/iran-i25658
ИИР Президенті Түркіменстан, Қазақстан, Ресей мен Әзірбайжан республикасын Иранның жақсы көршілері деп атап, Каспий теңізі арқылы осы елдермен байланысты кеңейтуге мүдделік танытты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 31, 2017 17:05 Asia/Almaty
  • Каспий теңізі Иран мен көршілес елдер арасындағы қарым-қатынасты кеңейтуде маңызды рөл атқарады

ИИР Президенті Түркіменстан, Қазақстан, Ресей мен Әзірбайжан республикасын Иранның жақсы көршілері деп атап, Каспий теңізі арқылы осы елдермен байланысты кеңейтуге мүдделік танытты.

Хасан Рухани Иранның солтүстігіндегі Гилян облысында бірнеше жобаны іске қосу рәсімінде Үндістаннан Ресейге 20 млн тонна жүк тасымалдау және транзиттеу мәселесінің маңыздылығына тоқталып: «Осы жүктің біраз бөлігі Иран арқылы тасымалдануы керек. Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббас жолын Үндістан, Ресей мен ТМД елдеріне қосу арқылы көп пайда табуға болады»,‑деді.

Рухани транзит пен байланыс жолдарын қалыптастырудың жұмыс орындарын ашып, экономиканы қарқындатуда өте маңызды екенін айтып: «Әзірбайжан республикасының көмегімен Рашттен Астараға темір жол салу жақында басталады»,‑деді.

Ол сондай­ақ, Иран мен Ресей арасында 6 мың жүк вагоны туралы келісімшартқа қол қойылғанын айтып: «Дайын мың вагон Иранға тапсырылады. Ал қалған 5 мың вагон Иранда жасалады. Бұл ел жастарын жұмыспен қамтып, өндірісті арттыруға септігін тигізеді»,‑деді.

Рухани Иранның транзиттік бағыттарын пайдаланудың Теһран, Мәскеу, Нью-Дели мен басқа елдерге мол табыс пен экономикалық артықшылық беретіндігіне тоқталып: «Гилян Иранның әртүрлі аймақтары мен Каспий теңізінің солтүстігіндегі елдерді байланыстыратын буын әрі жұмыс орындарын ашу мен белсенділік жасау үшін қолайлы жер болып табылады»,‑деді.