Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 01 Apr 2017 04:53:30 GMT )
Сәу 01, 2017 10:53 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: «ИИР кез-келген қоқан-лоққыға төтеп беріп, әрбір ықтималды басқыншылыққа кесімді, мықты әрі өкіндірерліктей жауап береді»,-деді.

Аятолла сейіт Ахмад Хатами Теһран жұма намазының құтпаларында: «ИИР жүйесі мен тәуелсіздігіне қатер төнгенге дейін тікелей қарсылыққа бармайды»,-деп баса айтты.

Аятолла Хатами Батыста «Ираннан үркіту» жобасының қайта іске қосылғанын айтып: «Батыс елдері мен Таяу Шығыс  аймағының кейбір араб елдерінде Ираннан үркіту соны тақырып емес. Оның себебі Иранда ислам мен әділеттің билік құруында, өйткені бұл принцип олардың болмысына қатер төндіреді»,-деп қуаттады.

Теһран жұма намазының құтпагері  Сауд Арабиясының Йемендегі қылмысы мен осы елдің жазықсыз халқын қырып-жоюына тоқталып: «Йемендегі қырғынның жалғасу себебі америкалық және еуропалық қару-жарақтардың Сауд Арабиясына жөнелтілуі мен соған қатысты халықаралық қауымдастықтың үнсіздігі болып табылады. Бұл тақырып адам құқығын демеушілердің теріс әрекеттерінің арта түсуіне себеп болды»,-деді.