Иран – Израиль режимімен күрестегі жалғыз үміт
(last modified Sat, 01 Apr 2017 15:10:12 GMT )
Сәу 01, 2017 21:10 Asia/Almaty
  • Иран – Израиль режимімен күрестегі жалғыз үміт

Тунис президенті Беджи Каид әс-Себси Иранның Мәдениет және исламдық бағдарлау министрімен кездесуінде Иранды Израильмен күреске көмектесетін бірден-бір ел деп атап: "Иранның аймақтағы басты дұшпаны – сионистік режим. Барлық араб және мұсылман елдерінің Иранның қасынан табылатындығына үміттенеміз" деп қуаттады.

Тунис президенті Беджи Каид әс-Себси сейіт Реза Салехи Амиримен кездесуінде: "Сионистік режим мен оны қолдайтын елдер Иранды оқшауландыруға тырысты. Алайда Ислам Республикасы табысқа қол жеткізіп, аймақтағы саясатта көшбасшыға айналды. Иран – бай мәдени мұраға ие ұлы ел. Сол себепті ол аймақта өзінің рөлін атқаруы керек.

Иран аймақтағы ықпалды құзырын бұрынғысынша жалғастыруы тиіс. Тунис те тәуелсіз ел ретінде Иранмен екіжақты қатынастарды кеңейту үшін басқа елдердің ықпалына түспейді" деп қуаттады.

Иранның Мәдениет және исламдық бағдарлау министрі де Иранның Тунис пен Теһран арасындағы мәдени, экономикалық, сауда-саттық және инвестициялық  байланыстардың артуын құптайтынын баса айтты.