Лаңкестіктің түп-тамырына көзжұмбайлық таныту оның көзін жоймайды
(last modified Sat, 01 Apr 2017 15:17:54 GMT )
Сәу 01, 2017 21:17 Asia/Almaty
  • Лаңкестіктің түп-тамырына  көзжұмбайлық таныту оның көзін жоймайды

Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы лаңкестікпен күрес бағытындағы халықаралық шаралардың тиімсіздігіне себеп болған факторлардың қатарында бұл құбылыстың түм-тамыры мен қаржы көздеріне немқұрайдылықпен қарау және қоғамдық пікірдің назарын лаңкестерді қолдаушы басты елдерден бұруды атады.

ИИР-ның Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сенбі күні АҚШ-тың Қорғаныс министрі Джеймс Мэтистің Иранға қарсы қайталанбалы уәждеріне реакция ретінде: "Иранның өзі өткен қырық жылда лаңкестіктің құрбаны болып келді" деді.

АҚШ-тың Қорғаныс министрі жуырда Лондон сапары барысында өзінің негізсіз уәждерінде Иранды лаңкестікті қолдап отыр деп айыптады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы: "АҚШ сияқты кейбір елдер тәкфірлік-вахаббилік әсірешілдік пен лаңкестіктің негізгі көздеріне көзжұмбайлықпен қарап, лаңкестікті қолдаушыларды қаруландыруын тоқтатпайынша, күннен күнге асқынып келе жатқан обыр ісігіне ұқсайтын лаңкестік жойылмайды" деп қуаттады.

Бахрам Ғасеми кейбір америкалық қайраткерлердің ДАИШ сияқты лаңкестік топтарды құрып, оларды қолдап отырғанын мойындағанына тоқталып: "АҚШ басшылары Иранды айыптап, лаңкестікті саяси мақсатта құрал ретінде пайдалануын жалғастырудың орнына аймақтағы өздерімен одақтас елдерден лаңкестік-тәкфіршіл топтарды қаржылай, идеологиялық және қару-жарақтық тұрғыдан қолдауды тоқтатуын талап етуі керек" деп қуаттады.