Иран Ресейдегі лаңкестік әрекетті айыптады
(last modified Tue, 04 Apr 2017 07:53:40 GMT )
Сәу 04, 2017 13:53 Asia/Almaty
  • Иран Ресейдегі лаңкестік әрекетті айыптады

Иран СІМ Ақпарат хатшысы Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы метро стансасында орын алған лаңкестік оқиғасын айыптап, сол елдің халқы мен үкіметін және осы қайғылы оқиғадан аман қалғандарға жанашырлық білдірді.

Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні кешке: "Кез-келген мақсатта қауіпсіздік тудырып, күнәсіз адамдарды өлтіру қабылданбайды әрі айыпталады»,- деді.

ИИР СІМ Ақпарат хатшысы Ислам Республикасының үнемі халықаралық қауымдастықтың лаңкестікпен шындап күресуге қатысу қажеттігін өз мақсат-мүдделерінен артық екендігін баса айтып: "Барлық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар лаңкестік тамырларының көзін жоюдағы ерік-жігерін көрсетуі қажет",- деп айтты.

Дүйсенбі күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы "Технологический институт" метро стансасындағы жарылыс салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, 50 адам жарақаттанған.

Дәл қазір Ресей үкіметі Санкт-Петербургтегі метро стансасында орын алған екі жарылысқа байланысты үш күнді аза тұту күні деп жариялады.

РФ үкіметі Ресейдегі жалпы аза тұту күндерінің сейсенбі, яғни сәуірдің төртінен басталатынын хабарлады.