Лариджани: Иранның аймақтағы рационалды әрекеті Иран халқына құрмет көрсетуге себеп болды
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: "Иран аймақ шеңберінде ақылға қонымды әрі рационалды әрекеттер жасады. Соның нәтижесінде басқалардың Иран халқына деген сый-құрметі арта түсті",- деді.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани дүйсенбі күні Мәжіліс депутаттарымен Иранның ядролық келісімге байланысты өткен кездесуінде: "Иранның ядролық қаруы бар деген уәждерді айтқан елдермен келісімге келу ядролық технологияның сақталып, осы саладағы зерттеулердің жалғасуына себеп болды.
Үкімет пен Мәжілістің және солардың басында тұрған Ислам революциясы жетекшісінің ядролық келісімге байланысты қабылдаған шешімдері өте парасатты, нақты және стратегиялық мәселелерге қатысты өте дұрыс шешім болды",- деп баса айтты.
Лариджани Таяу Шығыстағы дағдарыс пен лаңкестік топтардың пайда болуын АҚШ пен сионистік режимнің айқын жоспары деп атап: "Аймақтағы мұсылман елдеріндегі берекесіздік сионистік режим үшін ең жақсы жағдай тудырды",- деді.
Ол сондай-ақ, ДАИШ-тің "жарамдылық мерзімінің" аяқталуымен аймақта басқа да лаңкестік топтардың пайда болатындығына сілтеме жасап: "АҚШ пен сионистік режим лаңкестердің аймақта болуы мұсылман елдерінің күші мен энергиясының бітуіне себеп болды деп ойлайды. Сол себепті, біз ислам бірлігін нығайтып, күшейтуіміз қажет",- деді.