Парсы Шығанағында араб елдерінің балық аулаушы заңсыз үш кемесі тоқтатылды
Иранның оңтүстігіндегі Киш аралының теңіз қолбасшысы ислам республикасының теңіз шекараларының шамамен 10 милдік жерінде Парсы Шығанағы өңіріндегі елдердің рұқсаты жоқ балық аулап жүрген шағын үш кемесінің тоқтатылғанын хабарлады.
Киш аралының теңіз қолбасшысы Рахим Жаһанбахш: «Сол шағын кемелерден екі тонна балық және тұқымы құрып бара жатқан акулалар анықталып, кемелердің 21 экипажы ұсталып, заң орындарына берілді» деді.
Жаһанбахш Парсы Шығанағында теңіз шекараларының ұдайы қадағаланатынын қуаттап: «Өткен жеті айда Парсы Шығанағы өңіріндегі елдердің 21-ден астам шағын кемесі, шамамен 25 тонна түрлі балық пен ақ акула және шамамен сегіз мың метр заңсыз тор анықталып, түрлі елдердің, әсіресе Парсы Шығанағы өңіріндегі елдердің азаматтары болып табылатын шекараны бұзған 129 адам ұсталды» деді.