Рухани: Лаңкестікті жою үшін халықаралық қоғамның талпынысы қажет
ИИР Президенті Ресейдің Санкт-Петербург қаласының метросында болған лаңкестік әрекетті айыптап, лаңкестіктің тамырын жою үшін халықаралық қоғамның талпынысының қажеттігін қуаттады.
Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Ресей Президенті Владимир Путинге жіберген жолдауында көңіл айтып, сол елдің үкіметі мен лаңкестік әрекетте құрбан болғандардың отбасыларына жанашырлық білдіріп: «Лаңкестіктің барлық түрін жою үшін халықаралық қоғамның ұжымдық талпынысы мен барлық мемлекеттердің ынтымақтастығы қажет. ИИР Ресей үкіметінің лаңкестікке қарсы күресімен ынтымақтастық жасауға әзірлігін тағы да жариялайды»,- деді.
Дүйсенбі күнгі Санкт-Петербург қаласының метросында орын алған лаңкестік жаралыстың салдарынан 14 адам қаза болып, 50 адам жарақат алды.