Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
ИИР Сыртқы істер министрі Ресей Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесіп, Санкт-Петербург қаласының метросында болған лаңкестік әрекетті айыптады.
ТАСС-тың хабарлауы бойынша, сейсенбі күні Ресей Сыртқы істер министрлігі: «Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты мәселелер туралы пікір алмасты.
Зариф Санкт-Петербург қаласының метросында орын алған лаңкестік әрекетке қатысты Ресей халқы мен үкіметіне көңіл айтып, Ресей Сыртқы істер министрінен құрбандардың отбасыларына өзінің олардың қайғыларына ортақтастығын жеткізуді сұрады»,- деп мәлімдеді. Сонымен бірге Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлерінің Ресей Президенті Владимир Путин мен Иран Президенті Хасан Руханидің Мәскеудегі келіссөздерінде қол қойылған келісімдерді іске асыруға ынтымақтастық жасауға әзір екендіктері қуатталды.
Иран мен Ресей Руханидің Мәскеу сапарында әртүрлі салалар бойынша 14 ынтымақтастық келісімге қол қойып, екі ел, аймақ және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықтарын жалғастыратындықтары туралы ортақ мәлімдеме жариялаған болатын.