Рухани Иранда өндіріс және жұмыспен қамту ісін жылдамдату қажеттігін қуаттады
ИИР Президенті барлық билік органдары, халық және ақпарат құралдарының қатысуымен өндіріс және жұмыспен қамту ісін жылдамдатуды қуаттады.
Иран Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Мәдени революция жоғары кеңесінің отырысында хижри шамси күнтізбесі бойынша биылғы жылдың «Қарсыласу экономикасы: өндіріс және жұмыспен қамту» деп аталуын үкіметтің экономикалық қарсыласу саясаттарын іске асыруын жалдамдату үшін жақсы мұрсат деп атап: «Өндіріс, инвестиция және жұмыспен қамтуды қолдау қоғамдық мәдениетке айналуы қажет»,- деп қуаттады.
Рухани мұнай мен мұнай конденсаты экспортының өткен бірнеше айда екі есе артуын, банктердің 24000 орта және шағын өнеркәсіп бірлігін қаржымен қамтамасыз етуге және оларға жеңілдік беруге көмектесуін, бұл бірліктердің жұмыстарын бастауы мен Иранның сауда балансының оң сальдоға ие болып, мұнайдан тыс экспорттың импорттан артуын Иран үкіметінің қарсыласу экономикасы жолында дұрыс бағыт ұстануының белгісі деп атады.
Рухани әлемнің тек алты мемлекетінің ғана жыл сайын 600 000-нан артық жұмыс орынын ашу мүмкіндігіне тоқталып: «Өткен жылы Иранда 630 000 жұмыс орыны ашылды. Жастардың жұмыс орындарын қажет ету үдерісінің артуына байланысты өндіріс және жұмыспен қамту саласында үлкен өзгерістер орын алуы керек. Жыл сайын шамамен 1 200 000 жас адам жұмыс орынын қажет етуде»,- деді.