Иран мен Венгрияның ядролық ынтымақтастықтары құжатына қол қойылады
Иран Атом Қуаты Ұйымының ақпарат хатшысы Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы мен Венгрия премьер-министрі орынбасарының алдағы кездесуінде Иран мен Венгрияның ядролық ынтымақтастықтары құжатына қол қойылатынын хабарлады.
Иран Атом Қуаты Ұйымының ақпарат хатшысы Беһруз Камалванди сәрсенбі күні ИРНА- ға берген сұхбатында: «8 сәуір, сенбі күні Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехидің Теһранда Венгрия премьер-министрінің орынбасары Жолт Шемьен мырзамен кездесуде Иран мен Венгрияның ядролық ынтымақтастықтары құжатына қол қойылады» деді.
Венгрия премьер-министрінің орынбасары Жолт Шемьен сейсенбі күні Исфахан облысының әкімі Рәсул Зәргарпурмен кездесуде ядролық энергия саласында Иранмен ынтымақтастықтарды ұлғайту келісімшартына қол қойылғанын хабарлаған болатын.