Иран - әлемнің ең қауіпсіз елдерінің бірі
https://itolqyn.com/news/iran-i25864
ИИР-ның Ішкі істер министрі Иран халқының еш уақытта үстемшілердің зорлық-зомбылығының алдында бас имейтінін қуаттап: «Достар мен дұшпандардың мойындауы бойынша, ИИР – әлемнің ең қауіпсіз елдерінің бірі»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 07, 2017 16:50 Asia/Almaty
  • Иран - әлемнің ең қауіпсіз елдерінің бірі

ИИР-ның Ішкі істер министрі Иран халқының еш уақытта үстемшілердің зорлық-зомбылығының алдында бас имейтінін қуаттап: «Достар мен дұшпандардың мойындауы бойынша, ИИР – әлемнің ең қауіпсіз елдерінің бірі»,- деді.

Иранның Ішкі істер министрі Абдулреза Рахмани Фазли бейсенбі күні Иранның батысындағы Керманшах облысының сүннит ғұламаларының алдында елдегі этникалық топтар мен діндердің түрлілігін ИИР-ның мықты тұсы деп атап: «Көптеген жылдар бойы ирандық этникалық топтар әртүрлі наным-сенімдерімен бір-бірінің қасында бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүріп, дұшпандардың таңданыстарына себеп болуда»,- деді.
Иранның Ішкі істер министрі сонымен бірге Иранның кірістерінің 75 пайызының мұнайдан тыс өнімдерден екенін жариялап: «Мұнайға тәуелді болмау – Иранның Ислам революциясының жетістігін. Жастардың талпынысы және табандылығымен ИИР әрқашан әртүрлі салаларда алға ілгеріледі»,- деп қуаттады.