Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 08 Apr 2017 08:27:37 GMT )
Сәу 08, 2017 14:27 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының имамы: "Сириядағы лаңкестердің ықтиярына химиялық қаруды АҚШ пен лаңкестердің аймақтағы қамқоршылары беріп отыр",- деп мәлімдеді.

Аятолла Мұхаммад Имами Кашани осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында АҚШ-тың жұма күні таңертең Сирияға жасаған зымырандық шабуылдарын айыптап: "Лаңкестерге қамқоршы мемлекеттер өтірік айту арқылы лаңкестік топтармен күресте табысқа жеткен Сирия әскерін химиялық шабуыл жасады деп айыптп отыр",- деді.

Аятолла Имами Кашани АҚШ пен кейбір аймақ елдерінің Сириядағы лаңкестік топтарға қаржылай және қару-жарақ тұрғысынан қолдау көрсетуіне сілтеме жасап: "Сириядағы лаңкес топтарға өздері химиялық қару берген лаңкестік топтардың  демеушілері лаңкестікпен күрес ұранын айтуда",- деді.

Теһран жұма намазының құтпагері аймақ пен әлемдегі қазіргі жағдайға сілтеме жасап: "АҚШ-тың әрекеттері мен Израиль және Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстары бүгінгі әлемнің ең ірі тауқыметі саналады".- деді.