Руханидің қатысуымен Иранның бірнеше ядролық жетістігінің тұсауы кесілді
https://itolqyn.com/news/iran-i25926
Ұлттық ядролық технология күні ИИР Президенті Хасан Руханидің қатысуымен Иранның жаңа ядролық жетістіктерінің тұсауы кесіліп, іске қосылды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 09, 2017 16:44 Asia/Almaty
  • Руханидің қатысуымен Иранның бірнеше ядролық жетістігінің тұсауы кесілді

Ұлттық ядролық технология күні ИИР Президенті Хасан Руханидің қатысуымен Иранның жаңа ядролық жетістіктерінің тұсауы кесіліп, іске қосылды.

ИИР Президенті Хасан Руханидің бұйрығымен Қазвин облысында родотрон жылдамдық берушінің көмегімен өндірістік радиация орталығының бірінші кезеңі, Альборз облысында PET радиодәрісі мен FDG дәрілерін өндіру орталығы, Йезд облысында уран кенінің сынамасын жоғарылататын алғашқы фабрика бейнеконференция арқылы ашылды.

20 фарвардин (9 сәуір) Иранның атом саласындағы ғалымдарының мақтан тұтарлық талпыныстары мен ядролық отын өндіру циклін толық игеруіне құрмет білдіру мақсатында Ұлттық ядролық технология күні деп аталған.