Зариф Сириядағы Хан-Шейхун оқиғасына байланысты бейтарап зерттеу жүргізу қажеттігін қуаттады
Сәу 10, 2017 14:33 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі жексенбі күні кешке: "Қайғылы Хан-Шейхун оқиғасына байланысты әділетті және бейтарап зерттеу жүргізу қажет",- деп баса айтты.
Сирияның Идлиб облысында орналасқан Хан-Шейхун аймағына сейсенбі, сәуірдің төрті күні жасалған күмәнді химиялық шабуыл салдарынан жүзден астам адам қаза тауып, төрт жүзге жуық адам жарақат алды.
Сонымен қатар, Ислам революциясы жетекшісінің жоғары кеңесшісі АҚШ-тың Сирияға жасаған зымырандық шабуылын АҚШ-тың жаңа үкіметі үшін стратегиялық қателік деп атады.
Сақшылар Корпусының генерал-майоры сардар сейіт Яхия Рахим Сафави АҚШ-тың Сирияға шабуылы АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың да осы елдің бұрынғы президенттері секілді лаңкестердің демеушісі екендігін баса айтып: "Бұл шабуылдың жеңіліске ұшырайтыны анық",- деді.
Тегтер