Америка Сирияға шабуыл жасағанда лаңкестердің жеңілісінің орнын толтыруды мақсат етті
ИИР президенті Американың Сирияға жасаған зымырандық шабуылын айыптап: «Осы шабуыл лаңкестердің Сириядағы жеңілісінің орнын толтыруды мақсат етіп, оларды осы елдегі өз қылмыстарын жалғастыруға ынталандырды» деді.
ИИР президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні отандық және шетелдік тілшілермен өткен сұхбатта Американың Сирияға жасаған зымырандық шабуылының халықаралық құқыққа қайшы екендігін баса айтып: «Осы шабуыл Сирияның бейбітшілік келіссөздеріне кесірін тигізіп, лаңкестік топтардың күшеюіне себеп болды. Әлемнің түрлі аймақтарындағы жуықтағы лаңкестік шабуылдар лаңкестіктің ешбір елге, тіпті олардың демеушілеріне де пайдалы еместігін көрсетеді.
Егер Сирияда химиялық қарулардың қолданылуы тақырыбын қарастыру үшін бейтарап елдердің қатысуымен ақиқатты анықтаушы халықаралық комитет құрылса және ол лаңкестер химиялық қаруды қолданды деген нәтижеге жетсе, Америка халықаралық қауымдастыққа қандай жауап бермек? Иран химиялық қарулардың негізгі құрбандарының қатарына жатады. Иран химиялық қаруды кез- келген топ пен әркімнің қолдануын айыптап, химиялық қаруды қолданбау керек деп санайды» деді.