Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазынынң имамы АҚШ-тың Сириядағы басқыншылық әрекеттерін барлық халықаралық заңдарға қайшы деп баса айтты.
Худжат ул-ислам уа ал-муслемин Казем Седдиқи осы аптадағы жұма намазының құтпаларында Сирия үкіметін химиялық қару қолданды деген негізсіз және дәлелденбеген уәждерімен АҚШ-тың Сирия жеріне жасаған жуырдағы шабуылына сілтеме жасап: "АҚШ-тың жалған уәждермен жасаған біржақты, басқыншылық және рұқсатсыз әрекеті халықаралық конвенциялар мен халықаралық заңдарға қайшы келеді. Әлем мемлекеттері мұндай басқыншылықтардың жалғасуының алдын алуы тиіс. Иранның халқы мен қарулы күштері дұшпанның кез-келген ықтималды шабуылына иманның күші, ұлттық күш-қуат пен өзінің мүмкіндіктеріне иек арта отырып, мықты әрі өкіндіретін жауап қайтармақ",- деп баса айтты.
Теһран жұма намазының имамы халықаралық қауымдастықтың, соның ішінде БҰҰ-ның Сауд Арабиясы мен оның одақтастарының Йемендегі басқыншылығы мен қылмыстарының жалғасуына байланысты үнсіздігін сынға алып: "Сауд әулеті режимі мен оның одақтастары Йеменнің күнәсіз және мазлұм халқын өлтіріп, Йеменді "күйген" жерге айналдыру саясатын жалғастырғаны үшін міндетті түрде жауап береді",- деп қуаттады.