Иранда президенттік сайлауға үміткерлерді тіркеудің төртінші күні мыңнан астам адам тіркелді
Иран Сайлау штабының төрағасы президенттік сайлаудың он екінші кезеңіне төртінші күннің соңында 1048 үміткердің тіркелгені туралы хабарлады.
ИИР-ның президенттік сайлауының он екінші кезеңі қалалық және ауылдық кеңестердің сайлауымен бір мезгілде, яғни 2017 жылы мамырдың он тоғызы күні өткізіледі.
Иран Сайлау штабының төрағасы Али Асғар Ахмади кеше президенттік сайлаудың он екінші кезеңіне үміткерлерді тіркеудің төртінші күнінің соңында тішілерге берген сұхбатта: "Иран президентіне тіркелген 1048 үміткердің 71 әйелдер, қалғаны ер адмдар болып табылады",- деп мәлімдеді.
Иранның қазіргі президенті Хасан Рухани мен Разави облысының әкімі Сейіт Ибраһим Раиси де президенттік сайлаудың он екінші кезеңіне үміткер болып тіркелді.