Рухани су тасқынына ұшырағандарға көмек көрсету үдерісін қарастыру үшін делегация аттандырды
(last modified Sat, 15 Apr 2017 16:56:22 GMT )
Сәу 15, 2017 22:56 Asia/Almaty
  • Рухани су тасқынына ұшырағандарға көмек көрсету үдерісін қарастыру үшін делегация аттандырды

ИИР президентінің жарлығымен су тасқынына ұшырағандарға көмек көрсету үдерісін қарастыру үшін Иранның солтүстік-батыс облыстарына делегация аттандырылды.

Жұма күні Иранның солтүстік-батысында орналасқан Шығыс және Батыс Әзірбайжан облыстарында бұрын-соңды болмаған жауын- шашын өзендердің арнасынан тасуы мен осы екі облыстың кейбір аймақтарында су тасқынының жүруіне себеп болды.

Иран президенті Хасан Рухани сенбі күні су тасқынына ұшырағандарға көмек көрсету үдерісін қарастыру үшін Энергия министрі Хамид Читчиян басқарған делегацияны осы аймақтарға аттандырды.

Иран президентінің бірінші орынбасары Жаһангири де Шығыс және Батыс Әзірбайжан облыс әкімдерімен телефон арқылы сұхбатта су тасқыны салдарынан болған мал мен жан шығыны, сондай- ақ көмек- жәрдем шаралары үдерісімен танысты.

Осы мәлімет бойынша Иранның Жедел Жәрдем Ұйымының басқарушысы Пир Хосейн Куливанд: «Иранның солтүстік- батысында орналасқан Шығыс Әзірбайжан облысындағы су тасқынынан қазірге дейін 18 адам қаза болып, 12 кісі жараланған» деді.