Зариф Орта Азия мен Кавказға аттанады
Сәу 16, 2017 14:31 Asia/Almaty
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бүгін, жексенбі күні саяси-экономикалық делегацияны бастап, Орта Азия мен Кавказ елдеріне аттанады.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Иранның Сыртқы істер министрі жексенбі күні Түркіменстан, Грузия мен Қырғызстанға сапар шегеді. Осы сапарда Мұхаммад Джавад Зарифтің қасында 20-дан астам экономикалық белсенді мен әртүрлі компаниялардың өкілдері бірге болады. Бұл сапар осы елдердің тәуелсіздігіне 25 жыл толу қарсаңында және осы елдердің Иранмен саяси қарым-қатынасының 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр»,-деді.
Тегтер