Зариф Орта Азия мен Кавказға аттанады
https://itolqyn.com/news/iran-i26128-Зариф_Орта_Азия_мен_Кавказға_аттанады
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бүгін, жексенбі күні саяси-экономикалық делегацияны бастап, Орта Азия мен Кавказ елдеріне аттанады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 16, 2017 14:31 Asia/Almaty
  • Зариф Орта Азия мен Кавказға аттанады

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бүгін, жексенбі күні саяси-экономикалық делегацияны бастап, Орта Азия мен Кавказ елдеріне аттанады.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми  IRNA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Иранның Сыртқы істер министрі жексенбі күні Түркіменстан, Грузия мен Қырғызстанға сапар шегеді. Осы сапарда Мұхаммад Джавад Зарифтің қасында 20-дан астам экономикалық белсенді мен әртүрлі компаниялардың өкілдері бірге болады. Бұл сапар осы елдердің тәуелсіздігіне 25 жыл толу қарсаңында және осы елдердің Иранмен саяси қарым-қатынасының 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр»,-деді.