Руханидің қатысуымен Оңтүстік Парс газ кенішінің фазалары пайдалануға берілді
ИИР президенті Хасан Руханидің қатысуымен жексенбі күні Иранның оңтүстігіндегі Бушер облысына қарасты Ассалуиедегі Оңтүстік Парс газ кенішінің фазалары пайдалануға берілді.
17-18 фазалар Оңтүстік Парс жобаларына жатады. Ішкі бөлімнің жоба мен оның техникалық- инженерлік жоғары жетістіктерін іске асыруға қосатын зор үлесіне сәйкес бұл жоба Иран экономикасы үшін зор маңызға ие.
Жалпы арнаға жеткізу үшін күніне 56 миллион 600 мың текше метр өңделген газ, күніне 77 мың газ өнімдерін, жылына бір миллион тонна сұйық газ және осы мөлшерде экспорттау үшін этан, сонымен қоса күніне 400 тонна күкірт өндіру 17-18 фазаларды дамыту жобасын іске асырудың мақсаттарына жатады. Осы фазалардан жылына 5 млрд доллардан астам табыс түседі. Рухани сондай-ақ Оңтүстік Парстың 19-20-21 фазалары мен Бушер облысының Ассалуие мен Канган қалаларында мұнай-химия саласында төрт жаңа жобаны пайдалануға берді.