Әлемнің кейбір армиялары лаңкестік пен төңкерісті қолдайды
ИИР Президенті Рухани: «Әлемнің кейбір мемлекеттерінің армияларының атауы басқа елдердің істеріне араласу, геноцид, лаңкестік пен төңкерісті қолдау, халық пен заңға мән бермеушілікті еске салады. Алайда, ИИР-ның армиясы әрқашан жақсылықпен еске алынады",- деді.
Иран Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні ИИР-ның армиясы күніне арналған рәсімде ИИР-ның іргетасын қалаушы имам Хомейнидің кесенесінде осы айтулы күнмен құттықтап: «Иран армиясы тәртіп, иман, елді заңды түрде қорғау мен заң, ұлттық мүдде мен мәслихатқа сай алға ілгерілеуді еске салады. Иран әрқашан қайшылықтардан алыс жүруді көздейді. Бірақ, басқалардың қастықтарының алдында қырағылық танытып, өзінің стратегиялық күш-қуатын күннен күнге арттыруда. Иранның қарулы күштері шапқыншы емес. Олар шапқыншыларға қарсы тұрып, Иранды шынайы қорғайтындықтарын көрсетті»,- деді.
Рухани ИИР армиясы мен қарулы күштерінің иман, илаһи жігер, жанкештілік сынды ерекшеліктерге ие екендігіне тоқталып: «Мұндай ерекшеліктер аз елдерде кездеседі. Ешбір құдырет, әскери жабдық пен мүмкіндік Иран қарулы күштерінің иманы мен жігерін мұқалта алмайды»,- деп қуаттады.