Рухани: Аймақтағы бейберекеттікке қатысты қырағы болу керек
ИИР президенті аймақтағы бейберекеттікке қатысты қырағы болу керектігін қуаттады.
ИИР президенті Хасан Рухани мемлекеттік университеттердің ректорларымен өткен отырыста әлемдегі күрделі ахуалға сілтеме жасап: «Болашақтағы жағдайды болжаудың мүмкін еместігі мен аймақтағы бейберекеттік пен тұрақсыздық қырағы болудың қажеттілігін арттырып отыр» деді.
Рухани сондай-ақ университеттерді сергектік пен әлеуметтік үлкен әрекеттердің қайнар бұлағы деп бағалап: «Университеттер ислам революциясы мен Иранның келешегінің бағытында маңызды рөлге ие болып келді, болашақта да болады» деді.
ИИР президенті университеттердің "Қарсыласу экономикасы: өндіріс және жұмыспен қамту" ұранын жүзеге асырудағы маңызды рөліне тоқталып: «Университеттер жастарға шеберлікті үйрету мен оларды жұмыспен қамтуға ерекше назар аударуы керек» деді.
Рухани адам күшінің исламдық Иранның дамуы мен ілгерілеуіндегі маңыздылығын қуаттап: «Иран үлкен адами демеушілік пен талантқа ие. Осы талант елдің ілгерілеу үдерісін қарқындата алады» деді.
ИИР президенті елдің ғылыми жетістіктерін мақтауға тұрарлық деп сипаттап: «Бүгін Иран ғылыми даму бойынша әлемдегі 25 атақты елдің арасында алдыңғы орында» деді.