Иран алдағы сайлау науқанына дайындалуда
(last modified Wed, 19 Apr 2017 12:01:03 GMT )
Сәу 19, 2017 18:01 Asia/Almaty
  • Иран алдағы сайлау науқанына дайындалуда

Иран халқы ерекше көңіл-күймен алдағы сайлауларға дайындалуда. Мамыр айының 19 күні Иранда 12-ші президенттік сайлау және сонымен тұспа-тұс қалалық және ауылдық исламдық кеңестері бесінші шақырылымының сайлаулары мен Ислам Кеңесі Мәжілісінің орта кезеңдік сайлауы өтеді.

Бұл сайлауларды  жақсырақ өткізуге жағдай мен заңды шаралар жасалып, барлық нәрсе бәсекелес сайлаулардың өтетінін көрсетеді. Аймақ пен әлем  деңгейіндегі ақпарат және саси топтар бұл шындықты қабылдайды. Бәсекелестердің есімдері әлі ресми түрде жарияланған жоқ. Өйткені президенттік сайлаудың үміткерлері Эксперттер кеңесі тарапынан расталатын кезең аяқталмады.  Сайлау науқаны кезіндегі мұндай зерттеулер мен бақылаулар тек Иранда ғана өтпейді, Иранның Эксперттер кеңесі сынды органдар басқа елдердің көбінде бар. Олар да дәл осындай міндеттерге ие. Кейбір елдерде бұл міндетті  Конституциялық сот, басқа елдерде Парламенттер атқарады. Бұл күндері Ирандағы сайлаудың көңіл-күйі ақпарат құралдардың назарына түсіп, көптеген сарапшылар үшін үлгі болуда. Негізінде бұл ерекшелік, яғни сайлау көңі-күйі ақпарат құралдарының тақырыбына айналды. Иранда сайлаудың тағдыры кейбір ақпарат құралдары мен сарапшылардың болжамдарына қайшы саяси консерваторлар немесе реформаторлардың ағымдары арқылы шешілмейді. Сайлаудың тағдыры халықтың дауысымен шешіледі.

Иран халқы әр сайлауда өз міндетін дұрыс орындап, өз құқығын пайдаланып, өзі ұнатқан үміткерге дауыс береді. Осыған орай әртүрлі ұстанымдар мен әртүрлі мақсаттарға ие шамамен барлық ақпарат құралдары әр сайлауға халықтың хабардар түрде жаппай қатысқанына көңіл бөледі. Саяси партиялар мен ағымдардың сайлау науқаны кезінде дағдарыстар мен күнделікті мәселелерді сараптауға шоғырлануы табиғи мәселе. Бұл күндері бұл тұрғыдағы бәскелестіктің куәсі болудамыз. Алайда сайлау кезіндегі пікірталастар мен бәсекелестік сайлаудың негізгі иесі қоғамды біріктіру үшін маңызды. Халықтың жаппай қатысуы қажет. Ислам республикасы жүйесінде сайлау әрқашан маңызды әрі тағдырды шешетін болды, бұл жолы да елдің келешегін халықтың дауысы шешеді.