Американың Иран халқымен дұшпандығында шәк жоқ
(last modified Wed, 19 Apr 2017 17:26:54 GMT )
Сәу 19, 2017 23:26 Asia/Almaty
  • Американың Иран халқымен дұшпандығында шәк жоқ

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: «Зорлықшы алпауыттардың, әсіресе Американың Иран халқымен дұшпандығында шәк жоқ, өйткені олардың дұшпандығы түрлі уақыттарда әрдайым жалғасып отырды» деп қуаттады.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бүгін, сәрсенбі күні таңертең армия мен құрлық күші күніне байланысты қолбасшылар мен армияның төрттік күштерінің бір тобын қабылдауда: «Иран халқының айбындылығы мен төзімділігі және Америка мен кейбір еуропалық елдердің қоқан-лоққыларына мойынсұнбауы жалғасуда. Осы төзімділік пен дұшпаннан сескенбеудің маңызды бөлімі қарулы күштердің, оның басты бөлімі экономистер мен мәдени, білім кешендері мен ғылыми және зерттеу бөлімдерінің мойнында» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи Иран халқының қуатты тұстарының бірін алпауыттардың қоқан-лоққыларының алдындағы батырлық рух пен төзімділік деп атап: «Шапқыншы алпауыттардың ұлттар мен үкіметтерді қорқыту және оларды өздерінің заңсыз мүддесін қамтамасыз ету үшін айлаларының бірі қоқан-лоққы жасап, өзін үлкен етіп көрсету. Дұшпанның, соның ішінде Америка мен өзге алпауыттардың өз халқымен байланыста болған және ұлты да оны сүйетін әрі дұшпанның алдындағы қайсар жүйеге қарсы ештеңе істей алмайды» деп қуаттады.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі өз баяндамасының жалғасында сайлаулар өткізуді Иран халқының әлемдегі мақтаныштарының бірі деп атап: «Жауыздар ислам мен руханияттықты демократияға қарсы деп көрсету көздеуде, бірақ ислам республикасы исламдық демократия және сайлаулармен осы сөздің қате екендігін көрсетті» деді.