Ислам революциясының жетекшісі халықтың кең түрде қатысуымен қауіпсіз әрі дұрыс сайлау өткізуді қуаттады
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Армия мен құрлық күштері күніне орай ел армиясының төрт күштері бөлімшелері және қолбасшылармен кездесуінде дұшпанға табандылық таныту қажеттігін баса айтумен қатар, алдағы сайлауға тоқталып, оны исламдық жүйеге иммунитет сыйлау жолында шешуші рөлге ие деп бағалады.
Ислам революциясының жетекшісі осы кездесуде Иранда өтетін президенттік сайлауға (2017 ж. 19 мамыр) тоқталып, исламдық республика жүйесіндегі сайлауды исламдық демократияның нышаны және абырой-бедел, мақтаныш пен күш-қуаттың бастауы деп атап: «Халық, жауапты басшылар мен үміткерлер сайлауға құрмет көрсетіп, шаттыққа толы қауіпсіз кеңістікте кең де дұрыс сайлаудың өтуіне жағдай жасауы тиіс»,-деп баса айтты.
Иранда шамамен бір айдан соң президенттік сайлаудың он екінші кезеңі өткізіледі. Қазірден бастап Иранның саяси ортасында сайлау белсенділігі байқалады. Дұрыс та салтанатты сайлау исламдық республика жүйесінің заңдылығы мен тиімділігін көрсететін саяси сала болумен қоса, биліктің бір тетігі ретінде басқа тетіктермен бірге Иранның дұшпандарға қарсы тежегіш күшін арттырады. Сайлау – халықтың елдің саяси сахнасына шынайы түрде қатысатын шара. Өзі мен исламдық жүйенің тағдырын анықтауға қатысу зорлықшылдарға қарсы табандылық танытуға мықты негіз болады.
Иранда өткен сайлауларға шолу исламдық демократия түрінде көрініс тапқан осы сайлаулардың халық пен мемлекеттің абырой-беделі, күш-қуаты мен асқақ мерейі болғанын көрсетеді. Осы модель аясында халықтың жаппай қатысуымен дұрыс сайлау өткізу назарға алынған. Мұндай сайлау өткізу механизмі елдің Конституциясы мен президенттік сайлау туралы заңында айтылған. Президенттік сайлау барысында орталық бақылау делегациялары (Эксперттер кеңесі) мен атқарушы делегация (Ішкі істер министрлігі) қалыбында әртүрлі бақылаушылардың болуы Иранда сайлауды дұрыс өткізуге маңыздылық берілетінін көрсетеді. Бұл Ислам революциясының жетекшісі тарапынан әрдайым баса айтылып келеді.
Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, барша халық, үміткерлер, үкімет пен ұйымдастырушылар сайлаудың қадірін білуі тиіс және халық жаппай қатысатын дұрыс та қауіпсіз сайлау өткізу исламдық республика жүйесі үшін қорға айналып, оған көбірек иммунитет сыйлайды.
Осындай жағдайда дұшпандар Ирандағы президенттік сайлаудың әрбір кезеңінде сайлауды бүлдіруге талпыныс жасайды, алайда хазірет аятолла Хаменеи армия қолбасшыларымен кездесуде айтқандай, Иран халқы әрдайым қырағылық және хабардарлықпен осындай қозғалысқа керісінше әрекет ететін болады.
Иран халқы тағы да алдағы сайлауға қырағылық және хабардарлықпен қатысып, әлем халықтарына, әсіресе ИИР-на жамандық тілейтіндерге екі маңызды мақсат пен жолдау жібереді: біріншісі, сайлауға кең түрде қатысу арқылы әлем халықтарына атқарушы билік жауапкершілігінің олардың тікелей шешімімен білікті те лайықты адамға тапсырылатынын және жалпы халықтың елдің басты тұлғаларын анықтайтынын көрсетеді; екіншісі, халықтың сайлауға салтанатты түрде қатысуы ИИР жүйесінің олар үшін заңды әрі тиімді екенін растап, дұшпандардың жоспарларын бұзуда маңызды рөл атқарады.