Зариф: АҚШ Иранға санкция салу арқылы нәтижеге жетпейді
https://itolqyn.com/news/iran-i26338-Зариф_АҚШ_Иранға_санкция_салу_арқылы_нәтижеге_жетпейді
Иран Сыртқы істер министрі: «Бүгінде басқа кезеңдермен салыстырғанда АҚШ басшылары Ирандағы шындықты түсінуді көбірек қажет етеді»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 21, 2017 18:26 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ Иранға санкция салу арқылы нәтижеге жетпейді

Иран Сыртқы істер министрі: «Бүгінде басқа кезеңдермен салыстырғанда АҚШ басшылары Ирандағы шындықты түсінуді көбірек қажет етеді»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранға қарсы сөзіне берген жауабында: «АҚШ тарихқа, әсіресе өткен онжылдықтардағы өзгерістерге шолу жасап, ешбір жағдайда Иран мен ирандықтарға қарсы санкция салу, қоқан-лоққы және дұшпандықпен нәтижеге жетпейтінін жақсы түсінуі керек»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрі  АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауы туралы қайшы сөздеріне тоқталып: «АҚШ-тың негізсіз айыптаулары Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін іске асыруға табанды болуын жасыра алмайды»,- деп қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі  сонымен бірге АҚШ басшыларының «Иран лаңкестерді қолдайды» деген негізсіз уәждерін қайталауына сілтеме жасап: «Иран мен аймақ пен әлемнің барлық елдерінің мүддесі – лаңкестікті жою. Өкінішке орай, өткен онжылдықтардағы АҚШ-тың қате есептеулері мен бұл мемлекеттің аймақтағы одақтастарының біржақты әрекеттері аймақ пен әлемді адамгершіліктен алыстатты»,- деді.