Зариф: АҚШ Иранға санкция салу арқылы нәтижеге жетпейді
Иран Сыртқы істер министрі: «Бүгінде басқа кезеңдермен салыстырғанда АҚШ басшылары Ирандағы шындықты түсінуді көбірек қажет етеді»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранға қарсы сөзіне берген жауабында: «АҚШ тарихқа, әсіресе өткен онжылдықтардағы өзгерістерге шолу жасап, ешбір жағдайда Иран мен ирандықтарға қарсы санкция салу, қоқан-лоққы және дұшпандықпен нәтижеге жетпейтінін жақсы түсінуі керек»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауы туралы қайшы сөздеріне тоқталып: «АҚШ-тың негізсіз айыптаулары Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін іске асыруға табанды болуын жасыра алмайды»,- деп қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі сонымен бірге АҚШ басшыларының «Иран лаңкестерді қолдайды» деген негізсіз уәждерін қайталауына сілтеме жасап: «Иран мен аймақ пен әлемнің барлық елдерінің мүддесі – лаңкестікті жою. Өкінішке орай, өткен онжылдықтардағы АҚШ-тың қате есептеулері мен бұл мемлекеттің аймақтағы одақтастарының біржақты әрекеттері аймақ пен әлемді адамгершіліктен алыстатты»,- деді.