Теһран жұма намазының құтпалары
https://itolqyn.com/news/iran-i26344
Теһран жұма намазының құтпагері: "Иран халқы алдағы сайлауға жаппай қатысу арқылы Иран Ислам Республикасының күш-қуатын көрсетеді",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 22, 2017 14:19 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: "Иран халқы алдағы сайлауға жаппай қатысу арқылы Иран Ислам Республикасының күш-қуатын көрсетеді",- деді.

Аятолла Мұхаммад Әли Моваххеди Кермани Теһран жұма намазының құтпаларында халықтың сайлау мәселесіне сезімталдықпен қарауы қажеттігіне сілтеме жасап: "Иран халқы сайлауға жаппай қатысуы арқылы Иран Ислам жүйесінің халықтың берік тірегі бар екенін көрсетеді", -деп мәлімдеді.
Аятолла Моваххеди Кермани дұшпандардан, әсіресе Америкадан қорықпауды ИИР президентінің тұлғасына тән қасиет болуы керектігін деп айтып: "Иран президенті исламдық Иранның дұшпандарының астыртын әрекеттеріне қарсы берік болуы тиіс",- деп қуаттады.
Сонымен қатар аятолла Моваххеди Кермани АҚШ-тың Сирияның Хомс облысындағы Шейрат әуе базасына жуырда жасаған шабуылына сілтеме жасап: "АҚШ-тың Сирияға шабуылы –ұмытылмайтын жағдай",- деді.
Теһран жұма намазының құтпагері америкалықтардың қылмыстарының күн сайын артып жатқанына сілтеме жасап: "АҚШ әрдайым мемлекеттердің әлсіреуін пайдаланып, оларды жоюға талпыныс жасайды",- деп мәлімдеді.
Сондай-ақ Теһран жұма намазының құтпагері Иранның қажылық және зиярат жөніндегі ұйымының Сауд Арабиясымен ирандық қажыларды қажылыққа жіберуге байланысты жасаған келісіміне сілтеме жасап: "Сауд әулеті режимінің ирандық қажылар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуі туралы уәделеріне сеніп, оң көзқарас көрсетпеген жөн",- деді.