Зариф: Америкалықтардың Иранға қоқан-лоққы жасауының пайдасы жоқ
https://itolqyn.com/news/iran-i26352-Зариф_Америкалықтардың_Иранға_қоқан_лоққы_жасауының_пайдасы_жоқ
Иран Сыртқы істер министрі: "АҚШ-тың билік өкілдері ешқандай жағдайда Иранға қарсы санкция салу және қоқан-лоққы жасау жолымен еш нәтижеге жеткен жоқ, әрі ешқашан жетпейтінін білгендері жөн",- деп баса айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 22, 2017 14:44 Asia/Almaty
  •  Зариф: Америкалықтардың Иранға қоқан-лоққы жасауының пайдасы жоқ

Иран Сыртқы істер министрі: "АҚШ-тың билік өкілдері ешқандай жағдайда Иранға қарсы санкция салу және қоқан-лоққы жасау жолымен еш нәтижеге жеткен жоқ, әрі ешқашан жетпейтінін білгендері жөн",- деп баса айтты.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні ИРНА-ға берген сұхбатында: "АҚШ-тың билік өкілдері тарихтан, әсіресе Иран Ислам революциясы жеңісінен кейінгі соңғы қырық жылдағы оқиғалар мен өзгерістерден ешқандай жағдайда және ешқашан санкция салу мен қоқан-лоққы жасау туралы сөз қозғап, Иран мен ирандықтарға қарсы зорлық-зомбылыққа толы сөздер айту арқылы ешбір нәтижеге жетпегенін және жетпейтінін жақсы түсінулері керек",- деді.

Зариф "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын АҚШ-тың бұрынғы басшыларының Иран мен аймаққа  қарсы қате саясаттарын қайта қараудың нәтижесі деп атады.