Зариф: Америкалықтардың Иранға қоқан-лоққы жасауының пайдасы жоқ
Иран Сыртқы істер министрі: "АҚШ-тың билік өкілдері ешқандай жағдайда Иранға қарсы санкция салу және қоқан-лоққы жасау жолымен еш нәтижеге жеткен жоқ, әрі ешқашан жетпейтінін білгендері жөн",- деп баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні ИРНА-ға берген сұхбатында: "АҚШ-тың билік өкілдері тарихтан, әсіресе Иран Ислам революциясы жеңісінен кейінгі соңғы қырық жылдағы оқиғалар мен өзгерістерден ешқандай жағдайда және ешқашан санкция салу мен қоқан-лоққы жасау туралы сөз қозғап, Иран мен ирандықтарға қарсы зорлық-зомбылыққа толы сөздер айту арқылы ешбір нәтижеге жетпегенін және жетпейтінін жақсы түсінулері керек",- деді.
Зариф "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын АҚШ-тың бұрынғы басшыларының Иран мен аймаққа қарсы қате саясаттарын қайта қараудың нәтижесі деп атады.