Иран мен Пәкістан лаңкестікпен күрес саласында ынтымақтастық жасауы қажет
https://itolqyn.com/news/iran-i26376
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Теһран мен Исламабадтың лаңкестікпен күрес саласында ынтымақтастық жасауы қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 22, 2017 21:43 Asia/Almaty
  • Иран мен Пәкістан лаңкестікпен күрес саласында ынтымақтастық жасауы қажет

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Теһран мен Исламабадтың лаңкестікпен күрес саласында ынтымақтастық жасауы қажеттігін қуаттады.

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сенбі күні Теһранда Пәкістан ұлттық мәжілісінің төрағасы Сардар Аяз Садықпен бірлескен ақпарат отырысында: «Исламабад аймақ тыныштығында маңызды рөлге ие. Сол себепті осы кездесуде аймақтағы тұрақты қауіпсіздікке қатысты мәселелер қаралды» деді.

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Сардар Аяз Садықпен бүгінгі келіссөздерді өте сындарлы деп бағалап: «Осы кездесуде түрлі тақырыптар, әсіресе Иран мен Пәкістан арасындағы экономикалық байланыстарды ұлғайту тақырыбы талқыланды» деді.