Бүгін – хазірет имам Мұса Каземнің (ғ.с.) шәһид болған күнінің жылдығы
(last modified Sun, 23 Apr 2017 08:48:44 GMT )
Сәу 23, 2017 14:48 Asia/Almaty
  • Бүгін – хазірет имам Мұса Каземнің (ғ.с.) шәһид болған күнінің жылдығы

Бүгін, жексенбі – х.қ.ж.с.б. 1438 жылдың ережеп айының 25 жұлдызы, сәйкесінше 2017 жылдың 23 сәуірі әлем шиіттерінің жетінші имамы хазірет Мұса Каземнің (ғ.) шәһид болған күні.

Имам Мұса Казем (ғ.) әкесі хазірет имам Джафар Садықтың көптеген ғалымдар тәрбиеленіп шыққан ғылыми мектебінде оқып, оның ақыл-парасатынан нәр алып, діндарлық, төзімділік, ержүректік пен әділет  талап етушілік сияқты жоғары ақлақтық қасиеттер бойынша көрнекті үлгі болған.

Халықтың хазірет Мұса Каземнің (ғ.с.) ғылымы мен білімін пайдалануын қаламаған сол замандағы Аббаси билігінің халифі Харун әр-Рашид қастандық ұйымдастырып, оны зынданда уландырды. Бұл хазірет 35 жасында х.қ.ж.с.б. 183 жылы шәһид болды. 

ИИР Телерадио бірлестігі барша мұсылмандарға имам Мұса Каземнің (ғ.с.) шәһид болған күнінің жылдығына орай көңіл айтады.