Халықтың сайлауға жаппай қатысуы дұшпандардың қастандығын жеңіліске ұшыратады
(last modified Sun, 23 Apr 2017 08:54:34 GMT )
Сәу 23, 2017 14:54 Asia/Almaty
  • Халықтың сайлауға жаппай қатысуы дұшпандардың қастандығын жеңіліске ұшыратады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани сайлаудың өте маңызды әрі қастерлі іс екенін айтып: «Иран халқының сайлауға жаппай қатысуы дұшпандардың қастандығының жеңіліске ұшырауына себеп болады»,-деп қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сенбі күні Теһранда Иранның бүкіл облыстарындағы тәртіп сақтау күштерінің қолбасшылары мен бөлім басшыларының 22-ші форумында сөйлеген сөзінде: «Сайлауға жаппай қатысқан халық – ИИР жүйесінің негізгі қолдаушылары»,-деді.

Лариджани халықтың сайлауға жаппай қатысуын маңызды деп атап: «Иранның тәртіп сақтау күштері – сайлауда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басты орган»,-деп баса айтты.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Иранның тәртіп сақтау күштерінің соңғы жылдардағы жұмысын оң бағалап: «Иран дағдарысқа толы Таяу Шығыс аймағында тұрақты қауіпсіздікке ие болып отыр. Бұл жағдай  елдегі қауіпсіздік күштерінің талпыныстарына қарыздар»,-деді.

Иранның президенттік сайлауының он екінші кезеңі қалалар мен ауылдардағы исламдық кеңестердің сайлауымен бір мезгілде 2017 жылдың 19 мамырында өткізіледі.