Рухани: Иран Грузиямен ынтымақтастықты дамытып, тереңдетуді қолдайды
https://itolqyn.com/news/iran-i26384
ИИР Президенті Теһран мен Тбилисидің ертеден келе жатқан достық қарым-қатынасына тоқталып: «ИИР барлық сала бойынша Грузиямен байланысты дамытып, тереңдетуді қолдайды»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 23, 2017 15:00 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран Грузиямен ынтымақтастықты дамытып, тереңдетуді қолдайды

ИИР Президенті Теһран мен Тбилисидің ертеден келе жатқан достық қарым-қатынасына тоқталып: «ИИР барлық сала бойынша Грузиямен байланысты дамытып, тереңдетуді қолдайды»,-деді.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша,  Иран Президенті Хасан Рухани сенбі күні Теһранда Грузия Премьер-министрі Георгий Квирикашвилимен кездесіп: «Иран мен Грузия өзара әріптестікті нығайту үшін экономика, ғылым мен мәдениет салаларында ауқымды мүмкіндіктер мен әлеуеттерге ие. Бұл сапар өзара қарым-қатынасты дамытуға қолайлы жағдай жасай алады. Бүгінде транзит аймақта ерекше маңыздылыққа ие. Иран темір жолының Астара мен Әзірбайжан республикасының темір жолына қосылғанын және Грузияда тиімді темір және тас жол байланысының барын ескерсек, Теһран-Тбилисидің осы саладағы әріптестігін дамыту аймақта өзгерістердің орын алуына түрткі бола алады»,-деп мәлімдеді. 

Георгий Квирикашвили де кездесуде Иран мен Грузияның тауар транзиті мен тасымал саласында әріптестік пен байланыстарды дамытуын маңызды деп бағалап, Тбилисидің Иранның темір және тас жолдары арқылы Парсы шығанағын Қара теңізге қосуға дайын екенін қуаттады.