Ғасеми: АҚШ Ауғанстанның ішкі ісіне араласпауы тиіс
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Талибанның жұма күні Ауғанстанда жасаған жарылысын айыптап, АҚШ-тың Ауғанстанның ішкі ісіне араласпауы қажеттігін қуаттады.
Талибан тобының жұма күні Балх облысының орталығы Мазаре Шариф қаласының маңындағы Ауғанстан армиясы әскери базасына жасаған жарылысында 150 ауған әскериі қаза тапты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран СІМ ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сенбі күні Ауғанстан үкіметі мен халқына және Талибанның осы ел армиясы әскери базасына жасаған шабуылында қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып: «Ауғанстанның осы қиындықтан шығу жолы – АҚШ-тың Ауғанстанның ішкі ісіне араласпауы және барлық топтардың Ауғанстанның ұлттық бірлік үкіметімен келіссөздер жүргізуі. ИИР аймақ елдерінде, әсіресе Ауғанстанда тыныштық, тұрақтылық пен қауіпсіздікті орнату қажеттігін тағы да қуаттайды»,-деді.