Америка Иранның ядролық бейбіт бағдарламасына қарсы астыртын әрекет жоспарлауда
Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі «Америка басшыларының Иранның ядро саласындағы істері туралы жуықтағы мәлімдемелерінен астыртын әрекетті мақсат еткені сезіледі» деді.
Иранның Қорғаныс министрі сардар Хосейн Деһқан: "Мұнафықтар" лаңкестік тобынан алынған сөздер Американың өз парақорларынан, яғни «мұнафықтардан» мәлімет алатынын көрсетеді. Бірақ, аталмыш топтың Иран халқының арасында еш құны жоқ» деді.
"Мұнафықтар" лаңкестік тобының мүшелері өткен сейсенбі күні Ваштингтонда "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан кейінгі Иранның іс- әрекетін қарастырған отырысында: «Иран қорғаныстық зерттеулер ұйымында атом қаруын жасап жатыр» деген уәж айтты.
Батыс елдері, соның ішінде Америка сан рет «Мұнафықтар" лаңкестік тобының негізсіз деректеріне сүйеніп, Иранға қарсы тұрғы ұстанды.
Иранның Қорғаныс министрі: «Иран талай рет Америкаға жауап берді. Иран халқы ешбір алпауыт елдің өзін кемсітуі мен күш көрсетуін қабылдамайды, қорғаныстық және зымырандық әлеуетін жоғарылатудан кері шегінбейді» деді.