Шамхани: Кейбір елдер лаңкестерді Ауғанстанға ауыстыруды мақсат етуде
(last modified Mon, 24 Apr 2017 03:06:03 GMT )
Сәу 24, 2017 09:06 Asia/Almaty
  • Шамхани: Кейбір елдер лаңкестерді Ауғанстанға ауыстыруды мақсат етуде

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «Аймақтағы кейбір елдер Ирак пен Сирияда жеңіліске ұшыраған лаңкестерді Ауғанстанға көшіру үшін осы елде бейберекеттік тудырып, қауіпсіздік және қоғамдық жүйесінің құрылымын әлсіретуді көздеуде» деді.

Әли Шамхани Ауғанстан президентінің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Ханиф Атмармен телефон арқылы сұхбатта Талибанның Балх уалаятындағы әскери базаға жасаған шабуылын айыптап, лаңкестік шабуылда қаза тапқандардың отбасыларының қайғысына ортақтастық білдіріп Иран ислам республикасының зардап шеккендерге кез келген көмек көрсетуге әзірлігін қуаттады.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Ауғанстан үкіметі, саяси топтары және халқының лаңкестік ағымдарға қатаң қатынас көрсетуі қажеттігін қуаттап: «Иран ислам республикасы мен Ауғанстанның барлау және қауіпсіздік бірлескен ынтымақтастықтарын жылдамдату екі елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын күшейтеді» деді.

Ауғанстан президентінің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Ханиф Атмар да телефон арқылы сұхбатта Иранның қолдауларына алғыс айтып, аймақта лаңкестікті тамырына балта шауып, бейберекеттік пен тұрақсыздықтың көзін жою үшін Иран мен Ауғанстанның кеңесулері мен ынтымақтастығын жалғастыруды қуаттады.

Талибан тобының Балх уалаятының орталығы Мазаре Шарифтің маңында Ауғанстан армиясының әскери базасына жұма күні жасаған шабуыл салдарынан 150 ауған әскериі қаза тапты.