Президенттік сайлауға үміткерлердің радио және теледидар бағдарламаларына қатысты жеребе өтті
Иранның 12-ші президенттік сайлауының үміткерлері үшін Телерадио бірлестігінің әртүрлі арналарында пікірталастар мен бағдарламаларын өткізетін уақытты белгілейтін жеребе өтті.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран Телерадио бірлестігінің бірінші арнасы мен «Хабар» арнасы және Иран радиосында тікелей эфирде өткен рәсімде президент сайлауының алты үміткерінің Телерадио бірлестігінің әрттүрлі арналарындағы тікелей эфир және алдын-ала бағдарламаларының уақыты белгіленді.
Осы мәлімет бойынша, үміткерлердің бағдарламалары сәуірдің 26 мамырдың 17 дейін Иранның Телерадио бірлестігінен таратылады.
Сәуірдің 28, мамырдың 5 мен 12 күндері алты үміткердің қоғамдық-экономикалық, саяси салалар бойынша тікелей үш пікірталасы өтеді.
Иран Телерадио бірлестігінің басшысы Абдулали Али Асқари сөйлеген сөзінде ұлттық ақпарат құралдарының сайлау мәселесінде бейтараптық пен әділетті ұстанатындықтарын қуаттап: «Бұл ұйым Иран халқын президент сайлауының үміткерлерімен таныстыру үшін бар мүмкіндігін жұмылдырады»,- деді.
Иранның Бас прокуроры Мұхаммад Джафар Монтазери де сайлау үміткерлеріне заңдар мен исламдық ахлақ негіздерін сақтауға кеңес беріп: «Барлық үміткерлерден әртүрлі бағдарламалары мен үгіт-насихат жұмыстарында Ислам революциясының жетекшісі қуаттаған жайттарды сақтайды деп үміттенеміз»,- деді.