Иран Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тыныштықты қолдайды
https://itolqyn.com/news/iran-i26452
Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Али Лариджани: "Иран Ауғанстандағы лаңкестікпен күресті және тұрақты қауіпсіздік пен тыныштық орнауын қолдайды",- деп қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 25, 2017 17:44 Asia/Almaty
  • Иран Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тыныштықты қолдайды

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Али Лариджани: "Иран Ауғанстандағы лаңкестікпен күресті және тұрақты қауіпсіздік пен тыныштық орнауын қолдайды",- деп қуаттады.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Али Лариджани дүйсенбі күні Ауғанстан Мәжілісінің төрағасы Абдурауф Ибраһимиге жолдаған хатында Нангархар облысындағы Джалал-Абад қаласында орын алған лаңкестік шабуылды айыптап, Мәжіліс депутаттары, ауған халқы мен үкіметі және лаңкестік шабуыл құрбандарының отбасыларына көңіл айтып, жанашырлық білдіріп: "Иран көршілес әрі мұсылман Ауғанстан Ислам Республикасының үкіметі мен халқына лаңкестікпен күресуде және тұрақты қауіпсіздік пен тыныштық орнатуда жан-жақты қолдау көрсетеді",- деп мәлімдеді.

Сенбі күні Нангархар облысындағы Джалал-Абад қаласындағы тайпа басшыларының отырысына жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан 12 адам қаза болды.

Шабуылдың  жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ. Нангархар облысында ДАИШ лаңкестік тобы әрекет етеді.