Зариф: Иран мен Қырғызстанның қарым-қатынасы әрдайым достық сипатта болды
Иран Сыртқы істер министрі Қырғызстанды Иранға дос елдердің бірі деп атап, екі елдің қарым-қатынасын жақсы деп бағалады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Теһранда Қырғызстан Парламентінің төрағасы Чинибай Турсунбековпен кездесуінде екі елдің жақсы қарым-қатынасына тоқталып: «Терроризм – әлемнің ортақ қатері. Екі ел терроризм және экстремизммен күрес саласында әріптестік жасауы тиіс»,-деді.
Қырғызстан Парламентінің төрағасы Чинибай Турсунбеков те осы кездесуде Иранның тарихы, мәдениеті мен өркениетіне тоқталып: «Иранның 5 мың жылдан астам өркениеті әрдайым қоғам мен халықаралық қауымдастықта әсерлі мәдениет пен өркениет болды, сондықтан лайықты орынға ие.
«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы екі елдің әртүрлі салаларда ынтымақтастығын кеңейтуге жағдай жасайды»,-деді.
Ол, сондай-ақ, ирандық компаниялардың Қырғызстанға инвестиция салуы көлемінің бұрынғыға қарағанда артатындығына үміт білдірді.
Иран Сыртқы істер министрі мен Қырғызстан Парламентінің төрағасы сонымен қатар осы кездесуде екі ел арасында саяси және парламентаралық байланыстарды дамыту, сауда қарым-қатынасын нығайту, ғылым, мәдениет және спорт салаларында әріптестікті дамыту туралы сұхбаттасты.
Қырғызстан Парламентінің төрағасы парламенттік делегацияны бастап, жексенбі күні (23 сәуірде) Иран басшыларымен кездесіп, сұхбаттасу мақсатында Теһранға келді.