Иран СІМ Пәкістан шекарасында шәһид болған ирандық шекарашылардың мәселесін қарастырып жатыр
ИИР Сыртқы істер министрі: Иранның дипломатиялық аппараты шәһид болған ирандық шекарашылар мәселесін дипломатиялық жолдардан қарастыруға және содыр лаңкестердің сазайын тартқызуға қолдан келгенін аямайды деді.
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф: «Иранның дипломатиялық аппараты шәһид болған ирандық шекарашылар мәселесін дипломатиялық жолдар арқылы қарастырып, содыр лаңкестердің жазасын беру үшін қолдан келгенін аямайды» деді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф өз үндеуінде ирандық шекарашылардың Пәкістан шекарасында "Джейш әл-золм" тәкфирлік лаңкестік тобы мүшелерінің қолынан шәһид болуына байланысты көңіл айтты.
Сәрсенбі күні кешке Иранның Пәкістанмен шекарасында лаңкестердің торуылдауымен Иранның Систан мен Бәлучистан облысына қарасты "Мир Джаве" аймағында 9 шекарашы патрулдікке шыққан кезде шәһид болды.
"Джейш әл-Золм" деп аталатын тәкфирлік топ осы лаңкестік шабуылдың жауапкершілігін өз мойнына алып отыр. Заһеданның прокуроры худжатул ислам ва ал-муслимин Әли Моваххедирадтың айтуынша, жауласушы күштер шайқасып, ирандық шекарашыларды шәһид еткеннен кейін Пәкістанға қашып кеткен.