Лаңкестік қауіпті вирус сияқты шекаралардан өтіп кетті
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Шамхани: «Лаңкестік қауіпті вирус сияқты шекаралардан өтіп кеткен. Сондықтан онымен күрес үйлесімді, бірлескен және кемсітушіліксіз бағыт- бағдар ұстану арқылы жүру керек» деді.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Теһранда Ресей президенті Владимир Путиннің арнайы өкілі Александр Лаврентьевты қабылдауда: «Еуропалық елдер өз азаматтарының қауіпсіздігін сақтау үшін аймақтағы кейбір елдер қаржы және қарумен қолдап отырған лаңкестерге қару мен күш жөнелуге кедергі жасауы керек» деді.
Шамхани Сирия, Иран, Ресей және Сириядағы қарсыласу ағымының әсерлі ынтымақтастығына сілтеме жасап: «Иран Сирия дағдарысын доғару үшін әрдайым өзін саяси шешім жолға берік санайды» деді.
Ресей президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев те осы кездесуде Сирияда бейбітшілік орнатудың саяси үдерісіндегі Иранның сындарлы рөлін қолдап: «Мәскеу лаңкестер мен саяси шешім жолына берік болмаған кісілерге қарсы әскери шараға одан әрі табанды. ДАИШ, "ән- Носрат майданы" лаңкестік топтары мен соларға қарасты топтармен толассыз күресті жалғастырады» деді.
.