Иран – экономикалық ынтымақтастықтар үшін аймақтағы ең қауіпсіз ел
Иран Сыртқы істер министрі Зариф: «Иранның сауда, банктік және қаржылық серіктестері Иран экономикалық ынтымақтастықтар үшін аймақтағы ең қауіпсіз ел деген шындықты мойындауы керек» деді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Теһранда Иран мен Еуропаның сауда және банктік төртінші форумында: «Иран экономикалық, ғылыми ілгерілеушілік пен экономикалық тұрақтылық үшін өз халқына иек артады. Иран халқы барлық санкциялар, соғыстар және лаңкестікке қарамастан өз тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр» деді.
Иран Сыртқы істер министрі Иранның орталық банкінің 3 млрд доллар қорының тәркіленгеніне және осы банктің Америкада бір млрд 500 млн доллар қаржысының бөгелгеніне сілтеме жасап: «Американың бұл шарасы халықаралық қарақшылық болып табылады» деді.
Ол халықаралық деңгейде Иранның банкаралық байланыс орнатуы жолындағы кейбір кедергілерді ығыстыруда Американың серт бұзушылығына сілтеме жасап, Иранның серіктестерінің, әсіресе еуропалықтардың серт бұзушылықты доғарып, осы жағдайды санкцияларға дейінгі жағдайға қайтаруына үміт білдірді.