Парсы шығанағының әлемдік қақтығыстар мекеніне айналудың алдын алу керек
Иран Сыртқы істер министрі Зариф: "Сәуірдің отызы Португалия күштерінің Иранның оңтүстік жағалауларынан шығарылған күнін отаршылдар мен бөтен күштердің аймақтан шығарылған күніне жатқызу керек",- деді.
Сәуірдің отызы жексенбі күні португалиялықтардың Иранның оңтүстігіндегі суларынан шығарылған күн Иран Ислам Республикасының күнтізбесінде "Парсы шығанағының ұлттық күні" деп аталған.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні кешке "Парсы шығанағы ұлттық күніне орай жолдауында Парсы шығанағы аймағының әлі күнге дейін алып державалардың отаршылдық араласушылық әрекеттерінен азап шегіп жатқанына сілтеме жасап: "Сол себепті аймақ елдерінің бұл өмірлік маңызды су жолын тәуелсіз түрде басқару қабілетін қуаттайтын ИИР-ның берік саясаты мен стратегиясын қолдау керек.
Парсы шығанағы аймағы билік, территориялық тұтастықты құрметтеу және аймақтағы жалпы жағдайларды жақсартуға талпыныс, сондай-ақ адамдардың дамуы мен экономикалық дамудың көрсеткіштерін арттыру негізінде ортақ қауіп-қатерлерге қарсы күресу, аймақ қауіпсіздігін сақтап, оны нығайту, дағдарыстарды бейбіт түрде шешу мақсатында ортақ ынтымақтастықты қажет етеді",- деп мәлімдеді.