Ешқандай қорғаныстық қажеттілік кейбір қаруларды қолдануды ақтамайды
https://itolqyn.com/news/iran-i26720-Ешқандай_қорғаныстық_қажеттілік_кейбір_қаруларды_қолдануды_ақтамайды
Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер бойынша орынбасары Арақчи: «Иран ислам республикасының стратегиясы бойынша ешқандай қорғаныстық қажеттілікпен кейбір қаруларды қолдануды ақтауға болмайды» деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 03, 2017 21:52 Asia/Almaty
  • Ешқандай қорғаныстық қажеттілік кейбір қаруларды қолдануды ақтамайды

Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер бойынша орынбасары Арақчи: «Иран ислам республикасының стратегиясы бойынша ешқандай қорғаныстық қажеттілікпен кейбір қаруларды қолдануды ақтауға болмайды» деді.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Арақчи Теһранда "Минадан хабардар болу және оған қарсы шара" әлемдік күні форумында: «Соғыстан қалған жарылғыш заттардан, әсіресе мина мен жарықшақты оқ-дәрілерден тазарту әлемдегі ең қиын шаруаларға жатады, өйткені миналар тіпті соғыс біткеннен кейін жарылып, әр күні құрбандық алады. Иран әрдайым жаппай қырып-жоятын қаруларды өндіру, жеткізу және қолдануға тыйым салуды халықаралық конференциялар мен ұйымдарда қуаттап келеді. Осындай қаруларға тосқауыл қоюда көшбасшы елдердің қатарына жатады» деді.

Арақчи жарықшақты бомбаларды қолдану мәселесіне де тоқталып: «Мұндай қаруларды қолдануды ешқандай қорғаныстық қажеттілікпен ақтауға болмайды. Өкінішке орай, Саудия режимі Йеменде осы бомбаларды жаппай қолданып жатыр. Батыс осы қылмысқа қатысты үнсіздік танытып отыр» деді.