Сақшылар корпусы - Таяу Шығыстағы шешуші күш
(last modified Thu, 04 May 2017 14:21:31 GMT )
Maм 04, 2017 20:21 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусы - Таяу Шығыстағы шешуші күш

Иран мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани ислам революциясының Сақшылар корпусын Таяу Шығыстағы шешуші күш деп атап: «Сақшылар корпусы дұшпандардың Иран туралы қателікке ұрынбауының факторы болып табылады.

Дұшпандар психикалық қысым жасап, Ирандағы талап-жігерді әлсіретуді мақсат етіп отырғанда Иран халқы ислам революциясының Сақшылар корпусы атты күрескер күшке ие болып отыр» деді.

Лариджани Сақшылар корпусының аймақта барлау жағынан толық үстемдігіне сілтеме жасап: «Дұшпандар Иранмен дұшпандықтың қиын іс екенін және Сақшылар корпусы қырағылықпен және толық үстемдікпен Иранның қауіпсіздігі мен айбынын қорғайтынын білуі тиіс» деді.

Ол Иранның қорғаныстық әлеуетін күшейтуді қуаттап, Сақшылар корпусын діни, халықтық және күрескер орган деп сипаттап: «Сақшылар корпусының аймақтағы ұлылығы дәл осы үш сипатқа қарыздар. Халықтық орган қоқан- лоққылармен ыңғайлас өсіп, жетілу қабілетіне ие» деді.

Иран мәжілісінің төрағасы сондай- ақ Иранның өзге елдердің жеріне ешқашан көз алартып қарамайтынын баяндап: «Егер бір ел Иранның мазасын алуды көздесе, қатаң жауапқа тап болады» деді.