Сионистік режим ИСИМ-нің лаңкестерін емдеп жатыр
https://itolqyn.com/news/iran-i2680
Сионистік режимнің армиясы кем дегенде 2 мың сириялық жаралы лаңкестің жаулап алынған жерлерде емделгенін мойындады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 13, 2016 18:33 Asia/Almaty
  • Сионистік режим ИСИМ-нің лаңкестерін емдеп жатыр

Сионистік режимнің армиясы кем дегенде 2 мың сириялық жаралы лаңкестің жаулап алынған жерлерде емделгенін мойындады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режим армиясының «Джулан» дивизиясы қолбасшысының орынбасары Баха Алиян сириялық жаралы лаңкестерді босқын деп атап: «Израиль осы кісілердің кімдер екендігіне көзі жеткен соң, адамгершілік міндеті бойынша оларды емдейді» деген уәж айтты.

Сионистік режимнің жоғары шенді осы офицерінің уәждері мынадай жағдайда талқыланып отыр: британдық «Daily Mail» ақпарат торабы осыдан бірнеше күн бұрын мәлімет жариялап, Сирия үкіметіне қарсы күресуші жаралы лаңкестердің жаулап алынған өлкелерде емделіп жатқанын хабарлаған болатын. Осы дереккөзі сондай- ақ Израильдің әлгі жаралы жандарды емдеу үшін миллиондаған қаржы жұмсағанын хабарлады.

Ал палестиналық дереккөздері лаңкестердің жаулап алынған жерлерде емделген соң, Сирия шекарасына орналастырылған көліктермен шайқас майданына оралатындықтарын мәлімдеді.